Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздегі ұлттар арасындағы татулықты, достық пен бірлікті насихаттау, этнос өкілдерінің мәдениетін таныстыру және рухани құндылықтарды дәріптеу болды.Көрермендерге ұлттық әндер шырқалып, би қойылымдары ұсынылды. Сонымен қатар әр ұлттың салт-дәстүрін бейнелейтін сахналық көріністер көрсетіліп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.Шара аясында ұлттық киімдер дефилесі, қолөнер бұйымдарының шағын көрмесі ұйымдастырылып, әр этнос өз мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Бұл өз кезегінде халықтар арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға ықпал етті.Мерекелік кешке ауыл тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, концерттік бағдарламаны зор ықыласпен тамашалады. Кеш соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін жылы лебіздер айтылды.Осындай мәдени іс-шаралар қоғамдағы татулықты сақтап, ұрпақ бойына достық пен сыйластық құндылықтарын сіңіруге үлкен үлес қосады.



