
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының бай мұрасын насихаттау және жас ұрпақты салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрмеге қазақтың ұлттық бұйымдары, қолөнер туындылары, зергерлік әшекейлер мен тұрмыстық заттар қойылды. Сонымен қатар, ұлттық киім үлгілері таныстырылып, олардың ерекшелігі мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді.
Көрме барысында келушілер қазақы ою-өрнектердің терең мағынасына қанығып, ата-бабадан қалған асыл мұрамен жақынырақ танысты.
Аталған шара ұлттық рухты жаңғыртуға, мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға өз үлесін қосты.



