Домойhantengrigazeti.kz ақпаратТекес ауылдық мәдениет үйінде Шаңырақ күніне орай «Бірлік бар жерде – тірлік...

Текес ауылдық мәдениет үйінде Шаңырақ күніне орай «Бірлік бар жерде – тірлік бар» атты танымдық шара ұйымдастырылып, өткізілді

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігін насихаттау және жас ұрпаққа салт-дәстүрлердің маңызын түсіндіру болып табылады.Шара барысында қазақ халқының рухани мұрасы кеңінен насихатталып, көрермендерге ұлттық дәстүрлер таныстырылды. Атап айтқанда, «Жарапазан» жыры орындалып, оның тәрбиелік мәні түсіндірілді. Сонымен қатар, «Босаға майлау» дәстүрі сахналық көрініс арқылы көрсетіліп, оның отбасы берекесі мен татулықты білдіретін мәні ашып көрсетілді.Іс-шараға қатысушылар ұлттық өнер мен дәстүрлерге белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Көрермендер тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

spot_img

Жаңалықтар