


Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай мұрасы болып саналатын ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-баба дәстүріне деген құрметті арттыру.
Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері таныстырылып, олардың тәрбиелік мәні туралы айтылды. «Тұсау кесу» дәстүрі сахналық көрініс ретінде көрсетілді.



