Алматы облысында босанған және жүкті әйелдер де дауыс беруге мүмкіндік алды. Облыстағы жабық сайлау учаскелерінде жас аналар мен болашақ аналар өз таңдауын жасап, дауыс берді.Аймақта барлығы 12 босану бөлімшесі мен 1 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Осы мекемелерде арнайы жабық сайлау учаскелері ұйымдастырылып, медициналық мекемеде жатқан азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серикбаева медициналық ұйымдардағы жұмыс қалыпты режимде жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда.«Облыстағы барлық босану бөлімшелері мен перинаталдық орталықта жабық сайлау учаскелері ұйымдастырылды. Босанған және жүкті әйелдердің, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің дауыс беруі үшін қажетті жағдай толық жасалды. Медициналық көмек көрсету процесі тоқтаған жоқ, барлық мекеме қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», – деді Лейла Серикбаева.Облыстағы босану бөлімшелерінде жатқан 470 әйел дауыс беруге қатысты.



