ДомойЖаңалықтар | НовостиӨз таңдауларын жасады

Өз таңдауларын жасады

Жібек жолы ауылының тумалары, 1993 жылы туған егіздер Хожамуратова Айман мен Шолпан қазіргі таңда А. Байтұрсынов мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Олар оқушыларға білім беруде жанқиярлықпен еңбек етіп, әр баланың дамуына ерекше көңіл бөледі.Егіз мұғалім өз сөздерінде: “Білім мен тәрбие – бір-бірімен тығыз байланысты. Менің мақсатым – балаларға тек тіл үйретіп қана қоймай, жауапкершілік пен өз ойларын білдіру қабілетін дамыту» деді.Айман мен Шолпан тек ұстаздыққа ғана емес, отбасы өміріне де үлгі. Олар тұрмыста, балалары бар, отбасын тәрбиелеуді жұмысымен үйлестіре білетін аналар.Сонымен қатар, егіз өз азаматтық борышын орындауда белсенді. Олар референдумға дауыс беруге барып, қоғамдағы өз ойларын білдіру арқылы жастарға үлгі көрсетті.Айман мен Шолпан – білім мен тәрбие, отбасы мен азаматтық жауапкершілікті үйлестіре білетін заманауи ұстаздар. Олар әр оқушыға ерекше көңіл бөлумен қатар, қоғам алдындағы міндеттерін де абыроймен атқарады.

spot_img

Жаңалықтар