Бокстан халықаралық деңгейде биік белестерді бағындырып жүрген қазақстандық жас талант Толғанай Қасымхан бүгін өткен референдумда дауыс беруге қатысты.Толғанай Қасымхан — ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүрген болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Оның ең басты жетістіктерінің қатарында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі бар.Маңызды қоғамдық-саяси оқиғадан шет қалмаған жас спортшы өз азаматтық ұстанымын білдіріп, референдумда дауыс берді. Ол әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауда белсенді болуы маңызды екенін атап өтті.Жас спортшының бұл қадамы жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен белсенділікті арттыруға үлгі болары сөзсіз.Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша референдум өтіп, азаматтар ел дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз таңдауын жасауда.



