Жамбыл ауылдық округіне қарасты №766 сайлау учаскесінде ақ кимешек киген әжелер өз таңдауын жасады. Жаңару мен жаңғырудың айы болып табылатын наурыз айында ақ шағаладай болып сайлау учаскесіне келген әжелер бүгінгі күннің көркін кіргізді. Өткен күннен тәлім алған, көпті көрген әжелер заманның ағымына қарай өз таңдауын жасады. Қиын-қытау күндерді бастан кешкен ақ самайлы кісілер еліміздің болашағы жарқын болса екен деген ақ тілектерін айтты.
МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым



