Жамбыл ауылында № 766 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде. Мемлекеттің төлқұжаты саналатын Конституцияға ауыл тұрғындарының сый-құрметі ерекше. Сол себепті де бүгінгі референдумға ауылдың ақсақалды аталары мен ақжаулықты әжелері бастаған азаматтар сайлау учаскесіне лек-легімен ағылуда. Әркім мемлекетіміздің болашағы үшін өз таңдауын жасауда.#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым


