14 наурыз күні 6654 әскери бөлімінде қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрі – Көрісу амалы кеңінен аталып өтті. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіретін ерекше мереке.Ата дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға әскери бөлімнің офицерлері, сержанттары және сарбаздары қатысты. Әскери қызметшілер бір-бірімен қол алысып көрісіп, ізгі тілектерін айтып, бірлік пен татулықтың маңызын атап өтті.Іс-шара барысында Көрісу амалының тәрбиелік мәні, оның халқымыздың рухани мәдениетіндегі орны жайлы сөз қозғалды. Әсіресе жас сарбаздарға ұлттық салт-дәстүрдің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды құндылықтарды дәріптеу басты назарда болды.Сонымен қатар, әскери бөлімде ұлттық дәстүрлерді насихаттауға арналған шағын мәдени шаралар ұйымдастырылып, әскери қызметшілер арасында мерекелік көңіл-күй қалыптасты.Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы 6654 әскери бөлімінің ұжымы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас буынға үлгі көрсетіп келеді. Көрісу амалы – татулық пен берекенің, бірлік пен сыйластықтың белгісі ретінде әскери бөлімде жоғары деңгейде аталып өтті.
Мақала жазған подполковник Жетібаев Тұрлыбек Абайұлы!



