Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКоалиция мүшелері ШЖҚ”Райымбек аудандық ауруханасы” КМК ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері ШЖҚ”Райымбек аудандық ауруханасы” КМК ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Нарынқол ауылындағы ШЖҚ”Райымбек аудандық ауруханасы” КМК медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Омарова БалжанМедицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.

spot_img

Жаңалықтар