Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКоалиция өкілі “Энергосбыт” қызметкерлерімен кездесті

Коалиция өкілі “Энергосбыт” қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Нарынқол ауылындағы Энергиямен жабдықтау мекемесінің еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.«Жаңа Конституцияда әрбір азаматтың лайықты еңбек жағдайына, әділ жалақыға және әлеуметтік қорғауға құқығы бекітілген. Бұл – еңбек адамдары үшін зор кепілдік», – деді коалиция мүшесі Арипова Гулнара Рауанқызы.Қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.

spot_img

Жаңалықтар