1.9 C
Нарынкол
spot_img

№5 Модуль. «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:

1. Egov mobile, екінші деңгейлі банктер (Kaspi Bank, Halyk Bank) және байланыс операторларының SMS-хабарламалары сияқты ресми дереккөздерден жіберілетін сілтемелер арқылы немесе төменде жарияланған QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.

2. Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің Сall-орталығына хабарласып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақтылауға болады. Call-орталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді.Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

Жаңалықтар