Менің ойымша, конституциялық реформа – мемлекеттің дамуына серпін беретін басты тетік. Қазақстанда жүргізілген өзгерістер, әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформалар, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға бағытталды. Президент өкілеттігінің бір бөлігін Парламентке беру – суперпрезиденттік модельден әділеттірек басқару жүйесіне көшу қадамы. Бұл қоғамда саяси жауапкершілікті арттырады және халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Реформаның тиімділігі оның қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына байланысты деп санаймын.
Тоқмолдаева Зәмзәгүл Саламатовна
Жамбыл ауылдық округінің Аналар кеңесінің мүшесі

