-9.5 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат1 наурыз - Алғыс айту күні!

1 наурыз — Алғыс айту күні!

Бүгінгі Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын! Бұл мереке – көктемнің шуақты алғашқы күнінде өтетін ерекше мейрам, жүректерді жылылыққа бөлеп, адамдарды бір-біріне жақындастыратын аса мәнді күн. Алғыс айту күні Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне ортақ мереке болып саналады. Өйткені бұл күннің түпкі мәні – көпэтносты халқымыздың өткеніне құрметпен қарап, бүгініне ризашылық білдіру, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыздың бірлігін атап өту. Біз бұл күні ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ізгі дәстүр – алғыс айтып, ризашылық білдіру арқылы ұлттар достығын нығайтып, ортақ Отанымыз Қазақстанның жарқын болашағын бірге құруға деген бекем ниетімізді көрсетеміз.

Аудандық аналар кеңесінің төрағасы

Омарова Балжан Әбуқызы

Жаңалықтар