


Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының дайындалу процесі туралы ақпарат берілді.Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.«Жаңа Конституция – кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Ұсыныстар порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Бұл құжаттың әр нормасы кәсіби сараптамадан өтті. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – қоғамның өз еркін заңды түрде бекіту мүмкіндігі», – деді коалиция мүшесі Нұрғожаев Жанат МұхтарұлыҰжым өкілдері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.

