



Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров және аудандық қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.Жиын барысында елді жаңғырту бағытындағы бастамалар, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, жастардың қоғамдағы рөлі мен белсенділігі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, жастар тарапынан ұсыныстар айтылып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.Мұндай кездесулер – ашық диалог алаңын қалыптастырып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

