Ауданда «Жастар және конституциялық реформа: болашаққа көзқарас» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудан жастары белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында еліміздегі конституциялық реформалардың мән-маңызы, оның жастарға беретін мүмкіндіктері және қоғам дамуына әсері кеңінен талқыланды. Жастар өз ұсыныстарын білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаты, аудандық Мансап орталығының директоры қатысып, жастармен ашық пікір алмасу жүргізді. Олар реформалардың басты бағыттарына тоқталып, жастарды ел дамуына белсенді атсалысуға шақырды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта түседі.

