


«Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұстаздар мен қызметкерлерге «Конституциялық сананы қалыптастырудағы жоғары мектептің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтізілді. Дөңгелек үстелде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум мәселесіне қатысты өз сөзінде халықтың тікелей қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, референдум – елдегі маңызды шешімдерді қабылдаудың демократиялық жолы және азаматтардың пікірін ескерудің тиімді тетігін қарастырса, референдум арқылы қоғам үшін аса маңызды мәселелер халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешілуі тиіс екенін айтты. Бұл – мемлекетті басқару ісіне азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған қадам екенін түсіндірді. Президент референдумды әділдік, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды құралдардың бірі ретінде бағалауын талдады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы референдум өткізу барысында заң талаптарын сақтау, ақпараттың ашықтығы және азаматтардың еркін таңдау жасауына жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Бұл үрдіс қоғамның бірлігін нығайтып, ел дамуына ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

