Заңнамалық өзгерістер кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негізін айқындап, инвестициялық климатты жақсартуы қажет. Мысалы, шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары, салық салу жүйесі, лицензиялау мен бақылау рәсімдері реформалардың негізгі назарында болуы тиіс. Бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары мен пікірлері реформалардың практикалық тиімділігін арттыруға үлес қосуы мүмкін. Сондай-ақ, реформалар экономикалық өсімді ынталандырып, жұмыс орындарын құруға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс.
Тәкебай Толқын Бөрібайқызы
Райымбек аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы

