Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және рухани бірлікті нығайтуға арналған маңызды алаң болды. Отырыста көтерілген бастамалар жастарды саналы және жауапкершілікпен отбасы құруға, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыруға және отбасындағы жылылықты сақтауға шақырады. Мұндай диалогтар қоғамда позитивті ой-пікір мен өзара қолдауды қалыптастырып, ұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосады.
Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бірбаев Бекболат Ыбырайымұлы.

