Преамбуланы күшейту және зайырлы, құқықтық мемлекет қағидаттарын нақтылау Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар елдің дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтық негіз екенін айқындай түседі. Преамбула арқылы мемлекеттің тарихи жауапкершілігі, қоғамның ортақ мұраттары мен болашаққа деген стратегиялық мақсаты көрініс табады. Осы қағидаттардың нақты әрі түсінікті бекітілуі мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етіп, құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғай ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қайнар ауылдық округі әкімдігінің Жетекші маманы Құрманжан Үміт Ізбасарқызы

