Алатау қаласында үш жас өздерінің 18 жасқа толуын атап өтіп, алғашқы рет дауыс беруге қатысты. №379 учаскеде оларды сайлау комиссиясының мүшелері құттықтап, өмірлеріндегі алғашқы бюллетеньдерді табыс етті.
Азаматтар еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарайтынын, мұндай шараларға қатысуды парыз санайтындарын айтты. Олар өз қаласы мен Қазақстанның өркендеуіне белсенді түрде араласуды қалайды. Бұл дауыс беру соның бастамасы екенін жеткізді.
Сайлау комиссиясының мүшелері де осы оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, жастардың өз құрдастарына үлгі болатынына баса назар аударды.