-5.2 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды

Алматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды

Алматы облысында түрлі салада белсенділік танытып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген жастарды қолдау мақсатында дәстүрлі «Заңғар» жастар сыйлығы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Ғабитов Құдырет мәлімдеді.«Заңғар» жастар сыйлығы 2022 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және өз саласында үздік шыққан жас мамандарды ынталандыруды көздейді.– «2022 және 2023 жылдары сыйлық иегерлеріне 300 мың теңгеден берілсе, 2024 жылдан бастап қаржылай сыйақы көлемі 500 мың теңгені құрайды», – деді Құдырет Ғабитов.Байқауға Алматы облысының 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді, өз саласының көшбасшысы болып табылатын жастар қатыса алады. Негізгі талаптардың бірі – үміткердің облыс аумағында тұрақты тұрып, еңбек етуі. Бір қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы жеңімпаздар биылғы конкурста қайта бақ сынай алмайды.«Заңғар-2025» жастар сыйлығы келесі 10 номинация бойынша өткізіледі:1. Үздік жас мемлекеттік қызметші2. Үздік жас дәрігер3. Үздік жас ұстаз4. Үздік жас спортшы5. Үздік жас журналист6. Үздік жас кәсіпкер7. Үздік жас өнерпаз8. Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы9. Үздік жас волонтер10. Үздік жас кәсіптік маманӨтінімдер 2025 жылғы 10 қараша мен 1 желтоқсан аралығында қабылданады. Құжаттар дүйсенбі – жұма күндері, сағат 17:30-ға дейін, Қонаев қаласы, 2-ықшам аудан, 44-ғимарат, 4-қабатта тапсырылады. Материалдар электронды және баспа түрінде өткізілуі қажет.Қазылар алқасы байқауға түскен портфолиоларды арнайы бағалау парағына сәйкес критерийлер арқылы сараптап, ең үздік үміткерлерді анықтайды. Бағалау кезінде еңбек өтілі, түрлі деңгейдегі марапаттары, ұсыныс хаттары, кәсіби жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы ескеріледі.Жеңімпаздар туралы ақпарат құжаттар қабылдау аяқталған соң 10 күн ішінде @almobl_jastary Instagram парақшасында жарияланатын болады.Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: +7 (707) 950 35 13.

Жаңалықтар