🚑 Нұрғалиев Нұрлан Тоқарыстанұлы 1966 жылы 30 наурызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
2009 жылдан бастап, бүгінде 15 жылдан астам уақыт бойы, жедел медициналық жәрдем қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеп келеді. Қай істі де асқан жауапкершілікпен орындайтын ол — қазіргі таңда “Жедел және шұғыл медициналық жәрдем облыстық станциясы” ШЖҚ МКК құрамындағы сенімді, тәжірибелі маман.
Ол жылдар бойы:
▪️ Санитарлық автокөлікті шұғыл және қауіпсіз басқару,
▪️ Науқасқа көмек көрсету жолындағы уақытпен жарыс кезінде бригада жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету,
▪️ Қиын жағдайда тез әрі дұрыс шешім қабылдау сынды міндеттерді мінсіз атқарып келеді.
🚨 Жедел жәрдем жүргізушісі — тек көлік тізгіндейтін адам емес. Бұл — науқастың өмірін сақтап қалуға үлес қосатын, уақытпен күресетін, сабыр мен шеберлікті қатар алып жүретін жауапты мамандық.
Нұрлан Тұқарысұлы — өз ісіне берілген, техниканы жақсы меңгерген, жол ережелерін қатаң сақтайтын, сабырлы әрі тәртіпті азамат. Әріптестері арасында үлкен құрметке ие.