

Шонжы ауылдық округіндегі №924 сайлау учаскесіне ардагер ұстаз Сайдуллаева Ширимбуви Аблекимовна балалары мен немерелерімен бірге келіп, өз таңдауын жасады.
1951 жылы дүниеге келген Ширимбуви Аблекимовна еңбек жолын 1969 жылы мектепте аға тәлімгер болып бастап, 1971 жылға дейін осы салада қызмет атқарған. 1974 жылдан 2010 жылға дейін балалар комбинатында тәрбиеші болып еңбек етіп, бірнеше буын бүлдіршіннің тәрбиесіне үлес қосты.
Өмірінің көп жылын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздың отбасы мүшелерімен бірге келіп, азаматтық таңдау жасауы – отбасылық бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі. Бұл – аға буынның кейінгі ұрпаққа көрсеткен өнегесі, ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Осындай тағылымды сәттер отбасы құндылықтарын дәріптеп, азаматтық белсенділіктің маңызын арттыра түседі. Өйткені елдің болашағы – бірлігі жарасқан, ортақ құндылықтарды құрметтейтін ұрпақтың қолында.
Ұрпақтар сабақтастығы – қоғам бірлігі мен жарқын болашақтың кепілі!
#ҰрпақтарСабақтастығы #ОтбасыҚұндылықтары #ҰйғырАуданы #Сайлау2026

