Домойhantengrigazeti.kz ақпаратТәуелділік тұзағы қалай құрылады?

Тәуелділік тұзағы қалай құрылады?

Есірткі заттары адам миындағы «қуаныш гормондарының» (дофамин) табиғи бөлінуін бұзады. Алғаш рет дәмін татқанда жалған эйфория сезімі туындағанымен, кейін ми онсыз қалыпты жұмыс істей алмайтын күйге түседі. Нәтижесінде адам психологиялық және физикалық тәуелділікке ұшырайды. Қазіргі таңда синтетикалық есірткілер аса қауіпті: олар жүйке жүйесін бірнеше айдың ішінде зақымдап, есте сақтау қабілетін жояды және жүрек пен бауырдың істен шығуына әкеледі. Нашақорлықтан өз бетінше құтылу өте қиын, ол үшін кешенді медициналық емдеу мен ұзақ мерзімді оңалту қажет.

Жаңалықтар