Қылмыс пен құқық бұзушылықтың түбінде көбіне психологиялық және әлеуметтік факторлар жатады. Кейбіреулер заңды жазаланбаймын деген сеніммен бұзса, енді біреулер ашуға бой алдырып, салдарын ойламайды. Заң тек жазалау құралы емес, ол адам санасында ішкі тежегіш (самоконтроль) қалыптастыратын психологиялық тосқауыл рөлін атқарады.

