Құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерінің бірі – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Конституцияда адамның қадір-қасиеті, заң алдындағы теңдігі және жеке өміріне қол сұғылмауы секілді маңызды қағидалар бекітілген.
Әр азамат өз құқығын біліп, заңды міндеттерін де орындауы керек. Құқық пен жауапкершілік қатар жүргенде ғана қоғамда әділдік пен өзара құрмет орнығады. Ата Заңды құрметтеу – ел болашағына құрметпен қарау.

