Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тек заңдық нормалар жиынтығымен шектелмеуі тиіс. Ол күнделікті қоғамдық қатынастарда, мемлекеттік органдардың шешімдерінде, азаматтармен қарым-қатынаста нақты көрініс табуы қажет. Әрбір азаматтың заң алдында тең болуы, өз ойын еркін білдіруі, сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізуі, жеке өмірінің қорғалуы – конституциялық қағидаттардың өміршеңдігін көрсететін маңызды өлшемдер.

