Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, онымен ашық сөйлесу және сенімді қарым-қатынас орнату – ата-ананың маңызды міндеті. Жасөспірім өзін түсінетін ортаны сезінгенде, қиындықтарын жасырмай бөлісуге бейім болады.
Нашақорлықтың алдын алу тек түсіндіру жұмыстарымен шектелмейді. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, өнерге және білімге қызығушылығын арттыру да маңызды. Отбасындағы қамқорлық пен дұрыс тәрбие – қауіптің алдын алатын алғашқы қорған.
Нашақорлықтың алдын алу отбасынан басталады

