Жасанды интеллектінің мүмкіндігі кеңейген сайын оны қай салада және қандай мақсатта пайдалану керектігі туралы мәселе де өзекті бола түсуде. Білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы мен өндірісте бұл технология көптеген жұмысты жеңілдете алады.
Мәселен, ауыл шаруашылығында ауа райын болжау, суару жүйесін бақылау, өнімділікті талдау сияқты жұмыстарда цифрлық шешімдердің пайдасы зор. Мұндай жаңашылдықтар дәстүрлі еңбек пен заманауи технологияны ұштастыруға жол ашады.
Технология адамға қызмет етуі тиіс

