Конституцияның маңызын тек мемлекеттік құрылым мен құқықтық нормалар арқылы бағалау жеткіліксіз. Оның басты құндылығы – әр адамның өміріне, құқығына және қоғамдағы орнына қатысты қағидаттарды айқындауында.
Азамат мемлекеттік мекемеге жүгінгенде, білім алғанда, еңбек еткенде немесе өз құқығын қорғағанда заңның әділдігі мен кепілдігін сезінуі тиіс. Конституциялық нормалардың шынайы мәні осындай өмірлік жағдайларда ашылады.
Конституциялық құндылықтар күнделікті өмірден көрінуі керек

