Киберқылмыскерлер өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, азаматтарды алдауда. Олар адамды психологиялық қысымға алып, SMS-кодты айтуға немесе несие рәсімдеуге мәжбүрлейді. Ешқашан бөгде адамдарға жеке деректер мен құпия кодтарды жария етпеу керек.

