Цифрландырудың арқасында халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігі барынша азайды. Бүгінде анықтама алудан бастап, кәсіп ашу мен жәрдемақы рәсімдеуге дейінгі қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

