Табиғат – адамзатқа берілген уақытша игілік емес, келешек ұрпаққа бүтін күйінде табысталуы тиіс ортақ мұра. Әсіресе таулы аймақтардағы өзен-көлдер, орман-тоғайлар, жайылымдар мен табиғи ландшафттар экологиялық тепе-теңдікті сақтауда ерекше рөл атқарады. Олардың бірінің бүлінуі тұтас экожүйеге әсер етуі мүмкін.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғи байлықтарды қорғауға тек мемлекеттік бақылау тұрғысынан емес, ұзақ мерзімді ұлттық міндет ретінде қарау қажет. Заңсыз ағаш кесу, су көздерін ластау, табиғи аумақтарға жауапсыз қарау сияқты әрекеттердің алдын алу – ортақ жауапкершілік.
Табиғи мұра – келер ұрпаққа аманат

