Тоқсан жыл – тұтас бір дәуірдің тарихы. Бұл уақыт ішінде Райымбек ауданы талай белесті артқа тастап, қалыптасу мен өркендеудің, еңбек пен жасампаздықтың жолынан өтті. Ауданның мерейтойы – өткенге көз жүгіртіп, бүгінгі жетістіктерді саралап, келешекке бағдар айқындайтын маңызды кезең.
Бүгінде Райымбек өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады. Аудан экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 27,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 миллиард 22 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 163,5 пайызға орындалған. Бұл – жергілікті өндіріс әлеуетінің артып келе жатқанын аңғартатын көрсеткіш.
Райымбек ауданының 90 жылдығы – даму көрсеткіші

