Алкогольге тәуелділік – қазіргі қоғамдағы өзектілігін жоғалтпаған әлеуметтік және медициналық мәселелердің бірі. Бұл дерт адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасылық қарым-қатынасына, еңбек қабілетіне және қоғамдық ортадағы орнына да кері әсерін тигізеді. Көпшілік арасында алкоголизм ер адамдарға тән құбылыс деген түсінік қалыптасқанымен, шын мәнінде, бұл мәселе әйелдер арасында да кездеседі.
Алкоголизм – жыныс таңдамайтын қауіпті тәуелділік

