Қоғамда тәртіп туралы сөз болғанда, көпшіліктің ойына заң бұзған адамға қолданылатын жаза немесе жауапкершілік шаралары келеді. Алайда тәртіп ұғымының мәні әлдеқайда терең. Ол тек заң талаптарын бұзғандарды жазалаумен шектелмейді, керісінше, әр адамның бойындағы жауапкершілік, өзін-өзі бақылау, өзгеге құрмет және қоғамдық ортақ ережелерді сақтау мәдениетін қамтиды.
Тәртіп тек жазалау ма?

