Цифрлық кеңістіктің мүмкіндігі артқан сайын интернеттегі алаяқтық пен жеке деректерді заңсыз пайдалану қаупі де күшейіп келеді. Бейтаныс сілтемелерге өту, банк кодтарын бөгде адамға айту, күмәнді ұсыныстарға сену азаматты қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан цифрлық сауаттылықты құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Интернетте де заң бар, ал қауіпсіздік әр адамның сақтығы мен жауапкершілігінен басталады.
Интернеттегі қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

