Меншік құқығын қорғау – құқықтық қоғамның маңызды қағидаларының бірі. Әр азаматтың жеке мүлкіне заңмен кепілдік беріледі. Біреудің затын рұқсатсыз иемдену, бүлдіру немесе ұрлау заң алдында жауапкершілікке әкеледі. Қоғамда адалдық пен өзара құрмет орнығуы үшін әр адам өзгенің еңбегімен келген дүниесін бағалап, заң талаптарын сақтауы қажет.
Өзгенің мүлкіне қол сұқпа

