Цифрлық технологиялардың дамуы интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің де көбеюіне себеп болып отыр. Белгісіз сілтемелерге өту, күмәнді хабарламаларға сену немесе банк картасының деректерін бөгде адамға беру қаржылық шығынға әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтар жеке мәліметтерін қорғап, кез келген ақпаратты тексеріп алғаны жөн. Интернеттегі қауіпсіздік әр адамның өзінен басталады.
Алаяқтықтан сақ болыңыз!

