ДомойЖаңалықтар | НовостиЖетігенде 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынады

Жетігенде 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынады

Алатау қаласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі – Жетіген шағын ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысы.

Бұл туралы қала әкімі Әркен Өтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Жаңаарна шағын ауданындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Алдағы уақытта Жаңадәуір шағын ауданында да 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары қажетті қаржы бөлінгеннен кейін басталады.

Жаңа медициналық нысандардың салынуы тұрғындардың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, қаладағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар