Көпшілік арасында «ішіп алып, байқамай істедім» деген сөз жауапкершіліктен құтқарады деген қате түсінік бар. Қазақстан заңнамасы бойынша, қылмысты алкогольдік мас күйде жасау — жауаптылықты жеңілдетпейді, керісінше, оны ауырлататын басты мән-жайлардың бірі деп таниды. Заң мас адамның өз әрекеттеріне толық жауапты екенін нақты бекітеді.
«Мас күйдегі қылмыс: Жеңілдік пе, әлде ауырлататын жағдай ма?»

