Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 16 мамырда «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының бас- тамасымен «Кітап оқитын ұлт» ауқымды республикалық марафон-жобасы жүзеге асырылуда.
Бұл бастама Президенттің кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі жарлықтары мен тапсырмаларын орындау мақсатында қолға алынды.
Райымбек аудандық кітапханасы мен Нарынқол балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «KITAP TIME» республикалық фестивалі аясында «Кітап – тарих, шежіре» атты кітап жәрмеңкесі өтті.
Ашық аспан астында өткен шарада кітап көрмелері, ерекше инсталляция- лар, әдеби шығармалармен байланыс- тырылған картиналар, танымдық ойындар мен интерактивті тапсырмалар ұсынылды.
Фестиваль барысында «Менің сүйікті кітабым» аудандық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды:
Бас жүлде — Қақпақ ауылдық кітап- ханасының оқырманы Әбілаханқызы Нұрай
І орын — Райымбек аудандық кітап- ханасының оқырманы Дәуіт Бақнұр Дәуренұлы
ІІ орын — Текес ауылдық кітапханасының оқырманы Құралбай Инабат Жасұланқызы
ІІІ орын — Нарынқол балалар кітапханасының оқырманы Сайлаубай Айзада Қайратқызы иеленді.
«Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы аясында аудандық кітапханаға кітаптар табысталды.
Кітапты отбасылық құндылыққа айналдырған Стыбековтер отбасы «Кітап құмар отбасы» номинациясымен марапатталды. Отбасына сертификат, 20 000 теңге ақшалай сыйлық және бағалы сыйлықтар табысталды.
Ләззат КУЛИПАЕВА,
Райымбек аудандық
кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің
меңгерушісі

