Конституцияны құрметтеу – мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетумен ғана шектелмейді. Бұл – адамның өз құқығын заңды жолмен қорғауы, өзгенің бостандығына қол сұқпауы және қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарауы. Конституциялық мәдениет отбасында, мектепте және қоғамдық ортада қалыптасады. Азаматтар негізгі заңның мазмұнын түсінген сайын, қоғамдағы құқықтық сауат та арта түседі. Сондықтан Конституция туралы білімді кеңінен тарату – құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды шарты.
Конституциялық мәдениет – саналы азаматтың белгісі

