Бүгінгі жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігі елдің ертеңін айқындайды. Есірткі саудасына тарту, заңсыз заттарды интернет арқылы тарату сияқты қауіптерге қарсы күресте құқық қорғау органдарымен қатар, ата-ана, ұстаз және қоғам да белсенді болуы қажет. Жастарға сенім артып, олардың спортқа, білімге, кәсіпке қызығушылығын қолдау – алдын алудың маңызды жолы. Нашақорлықпен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Оның орнына жас адамға өмірден өз орнын табуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру қажет.

