Жастар заң талаптарын жақсы білген сайын, жауапкершілікті шешім қабылдауға бейім болады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу ең алдымен түсіндіру мен тәрбиеден басталады. Отбасы, мектеп және қоғам жасөспірімге заңды құрметтеудің маңызын ұғындыруы қажет.
Бүгін заңды біліп, тәртіпті сақтаған жас – ертең ел дамуына үлес қосатын саналы азамат. Сондықтан жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – баршамызға ортақ міндет.

