13.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Халықтық штаб: Талғар ауданының тұрғындары АЭС салу жобасына қолдау көрсетті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында атом энергетикасының еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен артықшылықтары талқыланды.

Кездесуде Халықтық штабтың мүшесі Ескелді Қасымов АЭС салудың еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын егжей-тегжейлі баяндап, нақты деректер келтірді.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесі қиын жағдайға тап болып отыр. Қазіргі электр энергиясының 70%-дан астамы ескірген көмір стансаларынан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздері небәрі 6,5% ғана үлеске ие, бұл жеткіліксіз. Бүгінде сұранысты қанағаттандыру үшін біз Ресейден электр энергиясын сатып алып отырмыз. Бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне және қаржымыздың сыртқа кетуіне қауіп төндіреді. Атом электр стансасы осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы. АЭС – экологиялық таза, сенімді және ұзақ мерзімді энергия көзі. Жапония, Франция, Оңтүстік Корея сияқты елдер жаңа буын реакторларын пайдаланып, экологиялық міндеттемелерін орындауда», – деді Ескелді Қасымов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемде 31 елде 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Соның ішінде АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 56 реактор бар. Ал Қазақстан атом энергетикасын дамытуға қажетті барлық мүмкіндіктерге ие. Елімізде уранның ірі қорлары бар және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ауқымды ғылыми база қалыптасқан.

Ал «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Талғар аудандық филиалының басшысы Жұмағыз Бутабаевада АЭС салудың артықшылықтарын түсіндіріп, өз қолдауын білдірді.

«Біз өзіміз ядролық полигонды жабуды қолдағанымызбен, АЭС мүлдем басқа мәселе. Бүгінгі таңда атом энергиясын пайдаланатын елдерден көріп отырғанымыздай, бұл технологиялар қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан тиімді. Жапонияда 17 реактор жұмыс істеп тұр. Олардың екеуі жаңадан іске қосылды. Бұл елдер АЭС-тің қауіпсіздігіне сенеді. Ал біз де еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қолдануымыз қажет. Германия атом энергетикасынан бас тартып, экономикалық өсімнің бәсеңдеуін көріп отыр. Польша өз шешімдерін қайта қарап, АЭС салуға кірісуде. Сондықтан, Қазақстанның да АЭС салуға деген қадамы дұрыс және уақытылы деп есептеймін», – деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар АЭС салу қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдіріп, жобаның ел дамуына қосатын үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.

Халықтық штаб осындай кездесулер арқылы қоғамды АЭС жобасы туралы ақпараттандыруды және алдағы референдумда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақыруды жалғастыруда.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар