16.4 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын тыңдадық!

Бұл жолдаудан көңілге түйгеніміз төмендегідей: Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды. Дегенмен қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Сондықтан Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын. Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс деді.

Еліміздің ұлттық қоры ел игілігі үшін ғана жұмыс жасайтын болды.

Қаржылық құрылымдардың жұмыс жүргізу бағыттарын реттеуге мүмкіндіктер болады.

Елдің басты экономикалық құраушы мамандары жұмысшы маман екендігін мойындайтын жыл жарияланды.

«Таза Қазақстан» жобасының нәтижелі жоба екендігіне көз жеткіздік.

«Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне айқын басымдық берілді.

Ел ішіндегі өнертапқыштардың еңбегі де қолдау көретіндігі қуантты.

Президенттің алдымызға қойып отырған міндеттемелерін  әрбір қызметкер отансүйгіштікпен қабылдап, алдағы уақытта іске асуына қолдау көрсетсе нәтиже айқын болмақ!

Талғат АҚЫЛОВ,

 аудандық мансап орталығының басшысы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар